Қарашаның 30 жұлдызында 2019 жылы Заң колледжінің Мәжіліс залында «1-желтоқсан Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті күніне» арналған «Ел ертеңін ойлаған — Елбасы» тақырыбында ғылыми-мәдени мерекелік іс-шара өткізілді. Жаңа тәуелсіз мемлекеттің ірге тасын қалаушы тұңғыш Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев – барлық қазақстандықтар және халықаралық қоғамдастық мойындаған ғаламдық бастамалардың бастаушысы, отандастарымыздың құқықтары мен бостандықтарының қорғаушысы, елді кемел келешекке жетелейтін игі істердің қолдаушысы ретіндегі мемлекетімізге сіңірген еңбектерін колледжіміздің студенттеріне толық талданып, видео-фильмдер көрсетілді. Өткізілген іс-шарадан студенттеріміз Елбасына, отанға деген патриоттық сезімдерін оятатын үлкен әсер алды деген ойдамыз.
- +7 771 627 6772
- +7 727 276 3400
- Казахстан, Алматы, улица Жубанова 1а