7-наурыз 2019 жылы Алматы қаласы Заң колледжінің Мәжіліс залында « 8 –наурыз Халықаралық әйелдер күніне » орай,
« Әлем-аналар алақанында » атты салтанатты іс-шара өтті. Іс-шара колледждің ер-балалардың ұйымдастыруымен өткізілді. Іс-шарның мақсаты: Анаға деген сүйіспеншілік сезімдерін арттыру, ананы құрметтеу, сыйлай білуге, студенттердің бойындағы жеке қабілеттері мен таланттарын дамыту, адамгершілікке, ізгілікке, достықты қастерлей білуге тәрбиелеу. Мереклік іс-шараны колледж директоры Жазыбаев Дулат Мұсабалаұлы ашып, колледж ұжымының әйелдер қауымын мерекелерімен құттықтап, ақшалай сыйақы мен гүл шоқтарын табыс етті.